Выберите язык

Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс
ПЕДАГОГТЕРДІҢ НАЗАРЫНА: ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ

ПЕДАГОГТЕРДІҢ НАЗАРЫНА: ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ

Құрметті әріптестер!
Пилоттық жобаның қатысушылары пилоттық жобаға қатысуға ниет білдірген педагогтер болып табалады!
Педагогтерді аттестаттау рәсімін оңтайландыру және жетілдіру мақсатында жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба бойынша төмендегі ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз!
Пилоттық жоба аясында «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» және «педагог-шебер» біліктілік санаттарына аттестаттау «Ұстаз» ұлттық платформасы арқылы жүргізіледі.
«Ұстаз» платформасының басты артықшылығы – педагог туралы қажетті мәліметтердің бірқатар ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылуы. ҰБДҚ-дан педагогтің жұмыс орны мен лауазымы, Ұлттық тестілеу орталығынан ПББ нәтижелері, «Дарын» РҒПО-дан кәсіби жетістіктері және біліктілікті арттыру ұйымдарынан курстан өткені туралы ақпараттар автоматты түрде алынады.
Бұл өз кезегінде педагогтің құжат жинауға жұмсайтын уақытын азайтып, аттестаттау үдерісінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
📅 Маңызды мерзімдер:
материалдарды жүктеу – 1 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін;
өтініш беру – 21 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін.
Құрметті ұстаздар, аттестаттаудың жаңа форматына қатысты ақпаратпен мұқият танысып, «Ұстаз» платформасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға шақырамыз!
Жаңашылдықты бірге меңгеріп, кәсіби дамуымызға жаңа мүмкіндік жасайық!