Бөлім басшысы және бөлімнің ер-азаматтары апайларды 8-наурыз "Халықаралық әйелдер" мерекесімен құттықтады.
Дана халқымыз : «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Әйелдер қауымы - табиғатынан кішіпейілділіктің, адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
Көктемнің жұпарын жүрекке жұқтырған бұл мерекеде ұжымдағы нәзік жандыларға сый-сияпат көрсетілді. Осы дәстүрмен салтанатты іс-шара ханымдардың бәріне гүл сыйлаудан бастау алды.
Бөлім басшысы К.Шербаев өз құттықтауында бұл мереке ерекше бір шаттықпен тойланатынын, әйел адамзатының мерейлі мерекесі екенін жеткізді. Сонымен қатар, бөлімнің қызметкерлеріне білім басқармасының марапаттауын табыс етті.
Өз кезектерінде ұжымдағы ер азаматтар мерекеге байланысты өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, аналарға арналған әнменен аяқтады.