Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

АУДАНДА ҰСТАЗДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін аудандық мәдениет сарайында ұлағатты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Жамалханұлы, білім саласының ардагерлері мен ардақты ұстаздар қауымы қатысты.

«Ұстаз – мектептің жүрегі» атты концерттік бағдарламамен бастау алған шара ұстаз мамандығының қоғамдағы ерекше орны мен жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие берудегі ерен еңбегін насихаттауға арналды.

Салтанатты жиында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Жамалханұлы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбектеріне алғыстарын білдірді. Сонымен қатар ауданның білім саласына сіңірген еңбегі үшін бірқатар ұстаздарға Алғыс хаттар мен марапаттар табыс етілді.

Сондай-ақ, мұғалімдер мерекесінде аудандық білім бөлімінің басшысы Құдайберген Қайыпбекұлы мен аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Егемберді Жасұзақұлы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына аудандық ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Түркістан облыстық білім басқармасының және кәсіподақтың алғыс хаттары мен құрмет граммоталарын табыстады. Ардагер ұстаз, Отырар ауданының Құрметті азаматы Пердехан Абайұлы ұлағатты жандарды кәсіби меркелерімен құттықтап, мұғалімнің ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

Мерекелік жиын барысында «Асқақ арман», «Ұстазға алғыс», «Атамекен», «Ұстазым» секілді әндер шырқалып, аудан өнерпаздарының би қойылымдары көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Іс-шара соңында аудан өнерпаздары ұстаздарға арнау ретінде «Атамекен» әнін орындап, кешті жоғары деңгейде қорытындылады.

#МұғалімКүні2025

#МұғілімімеМыңАлғыс