Т. Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебінде мектеп директорларының "Жобалық басқару: мектеп жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру" тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар мақсаты: Оқу-тәрбие процесінде жүзеге асатын жобаларды тиімді жоспарлау, ұйымдастыру, іске асыру және бағалау дағдыларын қалыптастыру". Семинарды аудандық білім бөлімінің басшысы Қ. Шербаев ашып, семинар мақсатымен таныстырып өтті.
Семинар барысында мектеп директорлары Х. Қылышбаева, Ш. Үсеева, Е. Серікбаев ашық сабақтар өтіп, Х. Қылышбаева "Мектептің үздік тәжірибесі: басқарудағы трансформация және сапалы оқу ортасы" тақырыбында, М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр "Мектептегі тәрбие жүйесін білім беру мазмұнымен үйлестіру" тақырыбында, Т. Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры Т. Едигеева "Мектептегі өзгерістерді тиімді басқару: стратегиялық ойлау және шешім қабылдау" тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында өтілген іс-шаралар "Біртұтас тәрбие бағдарламасына" соның ішінде "ТәрбиеLIKE" жобасына бағытталды. "Өнегелі 15 минут", "Әкелер мектебі", "Даналық мектебі", "SMARTBALA" және ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Д. Ембай қорытындылады.





