Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс
"АУЫЛҒА КІТАП АЛ" ЖОБАСЫ ОТЫРАРДА

"АУЫЛҒА КІТАП АЛ" ЖОБАСЫ ОТЫРАРДА

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Темір жалпы білім беретін мектебінде "Ауылға кітап ал" жобасы аясында "Қазақстанды оқитын елге айналдырамыз" атты үлкен үлкен іс шара болып өтті. Мақсаты: Ауылдағы оқушылардың жаңадан шыққан кітапқа қолын жеткізу, кітапқа құштар тұлға қалыптастыру, өз отбасын, ауылын, елін көркейтуге ықпал ету. Аталмыш іс шараның өтуіне мұрындық болған мектебіміздің оқушысы, ауылдың тумасы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер үниверситетінің 2-курс студенті Мақұлбай Жанерке Әбдіберікқызы өз мектебіне қарлығаштың қанатымен су сепкендей болып, рухани байлығымыз кітаптарды дәріптеу мақсатында мектеп кітапхана қорына өз қаржысына 50 дана кітап сыйға берді. Іс- шараны кітапханашы Ш. Керімбаева жүргізіп, келген қонақтармен

мектебіміздің директоры А. Қасымбек, аудандық білім бөлімінің кітаптар қоры жөніндегі әдіскері М. Жақсыбаева, ДТІЖО А. Пірман, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы О. Аметова мен " Ауылға кітап ал" жобасының ерікті мүшесі Д. Кененбаев мырзамен таныстырды. Оқушыларымыз кереметтей әсермен, үлкен шабытпен қайтты. Жанерке қызымызға алдағы уақытта осындай рухани бастамасы үлкен мақсаттар мен жетістіктерге жетелейтініне сенім білдіріп, толағай табыстар тілейміз.

473583346 2677241062664807 907300718507623738 n473595333 2677240899331490 3875878101822720177 n473636378 2677240709331509 4161823370570619498 n