Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні бөлім басшысы жанындағы кеңес өтті. Бөлім басшысы К.Шербаев күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды. Аталған мәселелер барысында бас мамандар есеп жұмыстарын жүргізді.
️Бас маман Б.Бекмұрат оқу-тәрбие жұмыстарына, арыз-шағымдармен жұмыс, бітіруші 9-11 сынып оқушыларының емтихандарға дайындығы, сабаққа қатысымы және де аудан, облыстық хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысына да жеке тоқталды.
Бас маман Қ.Төлендиеваның қорғаншылық және қамқоршылықтағы балалармен жұмыс жүргізіп, олардың ата-аналарымен байланыста болып, әлеуметтік төлемдер мерзімінде беріліп жатқандығын жеткізді.
Әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.Ембай оқушылардың олимпиадаға дайындығы, мұғалімдердің байқау, жарыстарға қатысуы, мұғалімдердің озық тәжірибелі жұмыстарын тарату жағын да айтып өтті.
Бас экономист М.Ерубай мен бас есепші М.Арзықұловтың айлық жалақысы мен "Фаворит" жүйесінің жұмыстары да біршама реттелгендігін атап өтті.
Бөлімнің кадр маманы А.Арынның жұмыстары тыңдалып, қызметкерлердің соттылығы бар, жоғын анықтап, бос орындарға кадр дайындау жұмыстары орындалып жатқанын жеткізді.