Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс
БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті Отырар ауданының білім саласының қызметкерлеріІ Сіздерді, Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің кәсіби қызметіңіз ең бағалы қызмет! Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Президентіміз атап өткендей, сапалы біліммен қатар, жас ұрпақты ұлттық құндылықтар мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты міндеті Елдің дамуы, өңірдің дамуы ұстаздарға тікелей байланысты. Шәкірт өміріндегі әрбір сәулелі сәт - сіздердің еңбектеріңіздің айқын дәлелі. Өңіріміздің білім саласының өркендеуіне ат салысып, оқушыларымызды білім бәйгесінің шыңына шығарып, ауданымыздың атын шарықтатуда еңбектеріңіз еселі. Білім жолына нық қадам басқан әрбір талапкер сіздердің арқаларыңызда білім алып, үлкен өмірге қанат қағуда. Әрбір шәкірттеріңіздің жетістігі – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Мерекелеріңіз құтты болсын, дендеріңіз сау, көңілдеріңіз биік болғай!

Құрметпен, Отырар ауданының білім бөлімінің басшысы К.Шербаев