Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

БИІКТІ БАҒЫНДЫРҒАН ШАПАҒАТ

Республикалық “Зерде” кіші ғылыми 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауының республикалық кезеңі Ақмола облысының Щучинск қаласы,Бурабай курортында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2026 жылдың 20-23 ақпан күндері аралығында өткен зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті. Конкурстың мақсаты – балалардың зерттеу дағдыларын дамыту және мектеп оқушыларының интеллектуалдық- шығармашылық әлеуетін ынталандыру. Отырау ауданы білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Дербісбек Шапағат Медеубекқызы/ғылыми жетекшісі Сейдімхан Айжан/ аудандық ,облыстық кезеңдерінен сүрінбей өтіп,республикалық кезеңде жүлделі 2 орынды иеленіп қайтты. Финалдық кезеңге еліміздің барлық өңірлерінен 9 секция бойынша 293 ғылыми жоба, 370 оқушы қатысып, өз білімдері мен зерттеу жұмыстарын ұсынды.

Ғылыми жобалар Regeneron ISEF халықаралық талаптарына сай ашық көрме форматында қорғалды. Қатысушылар өз зерттеулерін таныстырып, ғылыми пікірталаста белсенділік танытып, жобаларын жоғары деңгейде қорғады. Бағалауды еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен профессорлары жүргізді. 👏 Жас зерттеушілеріміздің бұл жетістігі – үлкен еңбектің нәтижесі.

Барша жеңімпаздарды және Шапағат қызымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!