Ең жақсы білім - іс жүзіне асқан білім .Түркістан облысы Отырар ауданы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Отырар ауданы білім бөлімінің жұмыс жоспарына орай"Деректерге негізделген мектеп менеджменті арқылы сапалы нәтижеге жету жолдары"тақырыбында мектеп директорларының бейіндік ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты: Білім беру сапасын арттыруда деректерді тиімді пайдалану, мектеп басқару жүйесін жетілдіру және педагогтердің озық тәжірибелерін кеңінен тарату.
Іс-шара барысында тәжірибелі, шебер ұстаздар өз пәндері бойынша республикалық деңгейде қол жеткізген жетістіктерін таныстырып, тиімді әдіс - тәсілдерімен бөлісті. Қатысушылар білім беру үдерісінде деректерді талдау арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін арттырудың маңызды бағыттарын талқылап, өзара тәжірибе алмасты .Аудан мектептерінен директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасарлары өз тәжірбиесімен бөлісті. М.Шаханов атындағы ЖББМ ДБОЖІО Д.Оспанов "Зерттеу сабағының оқушы мен мұғалім іс -әрекеті деректермен дәлелдеу ", Ш.Уалиханов атындағы ЖББМ ДБОІЖО Төлжан Нұрхат " Мектептегі тәжірбиемен бөлісу ", Ө.Жәнібеков атындағы мектеп -лицей ДБОІЖО Бұйрабай Мұхаммеджан"Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудың деректерге негізделген стратегиялары ",Қ.Сәтбаев атындағы ДБОІЖО Налжанов Әділет "Бейінді оқытуда жасанды интеллектіні тиімді қолдану жолдары " аталған тақырыптар бойынша бірнеше тәжірибелермен бөлісті. Мазмұнды өткен семинар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып білім беру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа идеялар мен бастамалардың жүзеге асуына ықпал етті .





