Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс
IELTS ЕМТИХАН ЖОБАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

IELTS ЕМТИХАН ЖОБАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің ұлттық саясатының маңызды тұстарының бірі – жастардың білімін халықаралық деңгейге сай дәрежеге көтеру болып табылады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2023 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде. Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, мектептерде жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңызды» - деп мектептерде ағылшын тілін оқытуға баса назар аударуды талап етті. Осыған орай, 9-11 сыныптардың іріктелген білім алушыларын IELTS емтиханына дайындау мақсатында инновациялық жобаларды жүзеге асыру қолға алынуда. Жастардың ағылшын тілін жетік меңгергенінің бірден бір көрінісі - IELTS сертификатының болуы. IELTS – ағылшын тілін тестілеудің халықаралық жүйесі – әлемдегі ең танымал ағылшын тілінің тестілеу жүйесі. Тестілеу жүйесі тілдерді бағалау бойынша әлемнің жетекші сарапшылары арқылы әзірленген және ағылшын тілінің барлық дағдыларын ( оқу, жазу, тыңдау және сөйлесу) бағалайды. Тест жүйесі білім алушының ағылшын тілінде сөйлейтін ортада білім алуын, жұмыс істеуін, өмір сүру үшін ағылшын тілін еркін қодану деңгейін анықтайды. Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет білім беру ұйымдарының барлық ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне аталған Жоба бойынша 20-шы желтоқсан күні екі мезгілде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру барысында Жобаның мақсаттары мен міндеттері көрсетілді. Жоба нәтижесі бойынша білім алушылар IELTS емтиханын кемінде 6,5 балл жинауы шарт және ағылшын тілі пәні мұғалімдерінде IELTS емтиханына дайындау дағдысын қалыптастыру екендігі аталып өтті.

 471494053 2660123451043235 9174852334520206241 n471426311 2660123351043245 9121081945906115974 n471226587 2660123397709907 8031009309671861945 n