Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс
"ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ - ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЖЫР ТАРЛАНЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

"ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ - ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЖЫР ТАРЛАНЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан облысы, Отырар ауданы, ҚСәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп кітапханасында кітапханашы Б.Сүйіннің ұйымдастыруымен 10 сынып оқушыларымен 22 қаңтар күні "Оқуға құштар мектеп", "Балалар кітапханасы" жобасы аясында қазақ поэзиясының жыр тарланы Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына орай "Қадыр Мырза Әлі - қазақ поэзиясының жыр тарланы" тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті. Оқырмандар конференциясын мектеп директоры Ділдабай Ләззат ашып берді. Конференцияға аудандық білім бөлімінің кітапхана ісінің әдіскері Манат Жақсыбаева қатысты. Оқырмандар конференциясының мақсаты: Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылық қызметіне шолу және ақын шығармашылығын насихаттау. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.оқырманның ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын,есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту. Оқырмандар конференциясы барысында 'Қазақ әдебиетінің жыр тарланы" бөлімінде баяндама оқылып, "Сыр сандықты ашып қара" бөлімінде Қадыр Мырза Әлінің лирикасы әңгімеленіп, "Сөзім барда-өзім бар" бөлімінде ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып оқырмандардың құлақ құрышын қандырды. Конференцияда кітап көрмесі жасалынып, бейнероликтер көрсетілді. Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған,әні Шәмші Қалдаяқовтың "Цыған серенадасы" әнін мектептің музыка пәнінің мұғалімі Қоштай Алмат нақышына келтіріп орындады. Аудандық кітапхана ісінің әдіскері конференцияға қатысқан оқушыларға алғысын білдіріп, жігерлендіріп шығармашылық өнерлерін бағалады. Қазақ поэзиясының тарланы атанған Қадір Мырза Әлінің туындысы "Атамекен" әнімен көпшілік орындауында орындалып, оқырмандар конференциясын қортындылады.

473813707 2682790472109866 8067973164882234830 n474185190 2682790692109844 4524166302146177210 n474269396 2682790608776519 3688410536645993725 n474581691 2682790552109858 5690565589307632251 n