Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында еліміздің мектептері үшін аса маңызды жаңа бастама жарияланды.
Тақырып: «Адал азамат»: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі – жаңартылған тәрбие бағдарламасы.
Спикерлер: Ерлан Қалмақов – ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры
Анар Тәңірбергенова – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті
2025-2026 оқу жылынан бастап еліміздегі барлық мектептерде, соның ішінде Отырар ауданының барлық білім беру ұйымдарында да, тәрбие жұмысы жаңартылған – «Адал азамат» атты біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүргізіледі.
Бағдарламаның басты мақсаты:
Адал
Еңбекқор
Елжанды
Рухани бай
Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген
саналы тұлғаны қалыптастыру.
Отырар ауданының білім бөлімі бұл бастаманы толықтай қолдай отырып, аудан мектептерінде жүйелі жұмыс жүргізуді бастап кетті. Атап айтқанда:
Барлық мектептерде бағдарламаның мазмұны мұғалімдер мен ата-аналар қауымына таныстыру жұмыстары жүргізілуде
Ашық тәрбие сағаттары мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда
Ата-аналармен байланыс күшейіп, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін кездесулер өтіп жатыр
Мектеп пен қоғамның өзара байланысын нығайтатын жобалар жүзеге асырыла бастады.
Бұл мектептің тек білім беретін орын ғана емес, тәрбие мен ұлттық руханияттың тірегі болуын көздейді.
Мектеп – Ата-ана – Қоғам: Үштаған үндестігі
«Адал азамат» бағдарламасы осы үштаған байланысын мықтап қалыптастыруға бағытталған.
Тәрбие – тек мектептің ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті екенін тағы бір дәлелдейді.
Отырар ауданының білім бөлімі алдағы уақытта:
- Бағдарламаны оқу процесіне кезең-кезеңімен енгізуді
- Тәрбие жұмыстарының сапасын арттыруды
Ұлттық тәрбиелік құндылықтарға негізделген жобалармен толықтыруды
мақсат етіп отыр.
"Адал азамат" – жарқын болашақтың іргетасы!
Ұлт болашағы – жастардың бойындағы адалдық пен ар-ұятта. Бұл бағдарлама сол құндылықтарды өмірлік ұстанымға айналдырудың нақты жолы.