Жаңа жыл мерекесі - балалар үшін ұмытылмас оқиғаның бірі болып саналады. Осы орайда балалардың Жаңа жылдық шыршасын көңілді өткізу ауданда дәстүрге айналған.
Бүгін ауданда бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шырша тойы өтті. Бүлдіршіндерді мерекелік жиында көтеріңкі көңіл күймен ертегі кейіпкерлері бейнесінде қарсы алды. Балалардың қуанышына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов және білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев ортақтасып, мерекелерімен құттықтады.
Жаңа жылды жыл бойы асыға күткен бүлдіршіндерге аудан әкімі мен мәслихат төрағасы жылы лебізін білдіріп, сыйлықтарды табыстады.
Жаңа жылдық шыршада кішкентай көрермендер үшін ертегі кейіпкерлерімен дайындалған қойылымдар оларға ерекше әсер сыйлады.
Балалардың жүздеріне күлкі мен шаттық ұялап, өнерлі бүлдіршіндер жасыл шыршаның жанында ән шырқады.