Выберите язык

Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс
ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР!

ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР!

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Сақшы» интерактивті ойынын өткізуде.
Ойын аясында қатысушылар арасында әлеуметтік бейнероликтер байқауы жарияланады!
🎬 «САҚШЫ»: ОЙЫННАН ТҮЙГЕНІҢДІ ВИДЕОДА КӨРСЕТ!
Ойыннан қандай ой түйдің? Қаржылық қауіпсіздік туралы не үйрендің? Интернет-алаяқтықтан, дропперліктен және қаржы пирамидаларынан қорғану жолдарын өз көзқарасыңмен креативті бейнеролик арқылы көрсет!
📅 Байқау 28 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтеді.
🎬 ВИДЕОҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
⏱ Ұзақтығы: 30 секундтан 1 минут 30 секундқа дейін;
📱 Форматы: 9:16, вертикалды;
🎥 Негізгі материал қатысушының өзі түсірген бейнекадрлардан тұруы тиіс;
🤖 Тақырыпқа сәйкес AI арқылы жасалған кадрларды қосуға болады;
🚫 Дайын архивтік, стоктық немесе басқа адамдар түсірген бейнематериалдарды пайдалануға болмайды;
💡 Бағалау кезінде кадр композициясы, жарық, ракурс, мазмұн және монтаж сапасы ескеріледі;
📌 Бейнеролик берілген тақырыпқа толық сәйкес болуы қажет.
AI арқылы жасалған кадрлар негізгі бейнематериалды алмастырмай, оны толықтыру үшін ғана қолданылуы тиіс.
⚠️ МАҢЫЗДЫ!
Байқауға қатысу үшін «Сақшы» интерактивті ойынынан өткені туралы сертификатты ұсыну міндетті. Сертификаттың электрондық нұсқасын немесе скриншотын бейнероликпен бірге жолдау қажет.
📩 Дайын бейнеролик пен сертификатты 6 қазан күні төмендегі байланыс арналарына жолдаңыз:
📲 WhatsApp: +7 702 508 10 35
📧 Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.
Барлық қаржы сақшыларына сәттілік тілейміз! Креативті идеялар мен мазмұнды бейнероликтерді күтеміз! 🛡️