М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің Жаратылыстану бірлестігі, химия пәні мұғалімі Амантаева Гүлназ Абдуқызы 4–5 желтоқсан күндері Алматы қаласында өткен республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында жоғары кәсіби шеберлік танытып, Алғыс хатпен марапатталып қайтты!
Бұл – Гүлназ Абдуқызының үздіксіз еңбегінің, жаңашыл әдістемелік ізденісінің, сапалы білім беру жолындағы талмай еңбектенуінің жемісі.
Әріптесіміздің жетістігі – мектебіміздің және бірлестігіміздің зор мақтанышы!
Гүлназ Абдуқызы,
Сізді шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық белестеріңіз бен кәсіби табыстарыңыз молая берсін!
Тәжірибеңіз — көпке үлгі, еңбегіңіз — еленген еңбек!





