Бүгін ауданда балаларға арналған дәстүрлі «Әкім шыршасы» жаңа жылдық мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы қатысып, мектеп оқушыларын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Мерекелік кешке аудан аумағындағы білім беру ұйымдарынан келген оқушылар қатысты. Аудан басшысы балаларға ізгі тілегін білдіріп, олардың болашағы – ел ертеңі екенін атап өтті. Шара барысында оқушыларға аудан әкімінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Іс-шара аясында балаларға арналған театрландырылған қойылымдар, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Әсем безендірілген шырша жанында балалар ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл күйде болды.
«Әкім шыршасы» – балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың жаңа жылды жақсы үмітпен қарсы алуына, жарқын болашаққа сенімін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.





