Түркістан облысы Отырар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Жамбыл мектебінің базасында "Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт" жобасы аясында білім беру ұйымдарының ақпарат орынбасарлары мен бейіндік орынбасарлары арасында кезекті “КітапХан” кітап оқу сайысы болып өтті. Жарысқа Ш.Уалиханов ЖББМ-нен Төлжан Нұрхат, Шеңгелді ЖББМ-нен Абдикулова Айнагул, М.Әуезов ЖББМ-нен Сыздықова Ақмарал қатысып, Айлық кезеңнен жылдық кезеңге ғылыми орынбасарлары арасынан Ш.Уалиханов мектебінен Төлжан Нұрхат жазушы І.Есенберлиннің “Көшпенділер” шығармасын қорғап, жеңімпаз атанды. Ал ақпарат орынбасарлары арасынан Ш.Уалиханов жббм Нусербаев Ерболат, Шеңгелді мектебінен Сейітхан Әкімханұлы, Ергөбек мектебінен Бегалиев Жеңісбек,М.Әуезов мектебінен Абдигаппаров Жеңісбек қатысып, шығармаларды жоғары деңгейде қорғап, МӘуезов мектебінен Абдигаппаров Жеңісбек - Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" шығармасын талдап, жеңімпаз атанып, жылдық қорытынды кезеңге өтті. Қатысқан озық ойлы оқырмандарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Жақсыбаева Манат құттықтай отырып, жылдық кезеңге сәттілік тіледі.
Новости
