Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс
"Ұлттық құндылықтар арқылы жасөспірімдердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру" тақырыбында аудандық семинар өтті

"Ұлттық құндылықтар арқылы жасөспірімдердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру" тақырыбында аудандық семинар өтті

📌 24.12.2024 жылы "С.Мұқанов атындағыжалпы білім беретін мектеп" КММ базасында "Ұлттық құндылықтар арқылы жасөспірімдердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру" тақырыбында, АББ әдіскері Н.Аханованың ұйымдастыруымен педагог-психологтардың аудандық семинары болып өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне негізделген тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.Балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын-алу.

Іс-шара бағдарламасы өте ауқымды және мазмұнды болды:

✅ Ашылу рәсімі мектеп директоры С.Аймбетова мен АББ әдіскері Н.Аханованың сәттілік тілеп, бағдарламаны таныстыруынан басталды, ары қарай мазмұнды психологиялық тренингтермен жалғасын тапты.

✅ Психологиялық тренингтер "Мен және менің ортам", "Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы", "Туған өлкем", "Артефактымен жұмыс арқылы жадыны дамыту"," Ұстаз- ұлы тұлға","Ұлттық құндылықтар- болашақтың бастауы"

✅ Ата-аналар үшін "Отбасындағы тәрбие және ата-ананың рөлі" атты арнайы тренинг ұйымдастырылды.

✅ Іс-шара "Біз бақытты ұрпақпыз" атты концерттік бағдарламамен аяқталды.

🔹 Семинар барысында оқушылар мен ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды, ұлттық құндылықтарды бағалаудың маңыздылығын түсінді.

🔹 Осындай шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына ықпал етіп, олардың ұлттық болмысқа деген сүйіспеншілігін арттырады.

471198992 2660652997656947 7082471838326322333 n471345023 2660653110990269 1273231556396179722 n471697899 2660653030990277 8954019196647771235 n