Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебінде физика пәнінен. "Физика пәнін оқытуда жасанды интеллект технологияларын ұлттық құндылықтармен сабақтастыра қолдану" тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері З. Жақыпбекова ашып, семинар мақсатымен, бағдарламамен таныстырды. "Физика және ұлттық болмыс" атты ашылу салтанаты ұлттық құндылықты паш етті. Ашық сабақтар топтамасы жасанды интеллект технологиясын тиімді пайдалану мен ұлттық құндылықтарды кіріктіріп өтуге арналды. Т. Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебінің физиктері Р. Саттаркулова, Г. Парменкулова, М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінен А.Әбдікаримова, Қ. Мұңайтпасов атындағы мектебінен С. Киргизбаева сабақ барысында физикадан зертханалық жұмыстарға, функционалдық сауаттылықты дамытуға, ЖИ-ді тиімді қолдану әдістерін көрсетуге күш салды. Шебер-сыныпта ПИЗА халықаралық зерттеу есептерін шығару жолдары, тапсырмалар құрастыру туралы Р. Саттаркулова тәжірибесімен бөліссе, Г. Парменкулова ЖИ дің соңғы шыққан технологиясын қолдану жолдарын көрсетті. Семинардың ерекшелігі зертханалық жұмыстар мен ғылыми ізденіс жұмыстарын көрсету болды. Мектепте жоспарлы МИФ айлығымен кіріктірілген семинарда оқушылардың көшбасшылық зияткерлік сайысы мәресіне жетіп, 10-сынып оқушысы Мұстафа Жанель-көшбасшы атанды. Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері З. Жақыпбекова қорытындылап, ұсыныстарын берді. Мектеп директоры Т. Едигеева, мектеп директорының оқу орынбасары Ж. Байзақ семинардың басында, барлық іс-шараларға қатысып, қонақтарға шығармашылық табыс тіледі. Тақырыбы мен мақсаты ашылған, жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинардан физика пәні мұғалімдерінің алары көп болды.





