Выберите язык

Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ ПРЕЗИДЕНТ ҰСЫНҒАН 7 КІТАПТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

📍 Түркістан облысы, Отырар ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектепте «Зерделі ұлт» ұлттық жобасы аясында «Кітап оқитын ұстаз келбеті» атты дөңгелек үстел өтті.
📖 Іс-шара барысында мектеп басшылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған жеті әдеби шығарманы талдап, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәніне тоқталды.
📚 Басшылар таңдаған шығармалар:
🔹 О. Бөкей – «Ұйқым келмейді»;
🔹 Д. Исабеков – «Қарғын»;
🔹 Ә. Кекілбаев – «Үркер»;
🔹 Қ. Жұмаділов – «Тағдыр»;
🔹 С. Елубай – «Ақ боз үй»;
🔹 М. Мағауин – «Аласапыран»;
🔹 М. Әуезов – «Абай жолы».
💬 Талқылау барысында шығармалардың ұлттық болмыс, тарихи сана, адамгершілік құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесіндегі орны сараланды.
🏆 Нәтижесінде М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры Нұрдаулет Баубеков «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша жасаған талдауымен үздік атанды.
💡 Кітап оқитын басшы – ойлайтын басшы. Ойлайтын басшы – жаңашылдыққа бастайтын басшы.
🎁 Жиын соңында Ұстаздар күніне орай әріптестер арасында кітап сыйлау дәстүрі жалғасты. Ұстаздар бір-біріне кітап тарту етіп, оқу мәдениеті мен өзара құрметті дәріптеді.