Түркістан облысы, Отырар ауданы, Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектепке семинарға Түркістан облысы білім басқармасының “Әдістемелік орталық “Тәрбие және әлеуметтік педагогика” кафедрасының меңгерушісі Шарипа Құдайбергенқызы мен Түркістан облысы білім басқармасының “Әдістемелік орталық “Тәрбие және әлеуметтік педагогика” кафедрасының әдіскері Әсел Бауыржанқызы және 15 ауданнан 50 мектеп кітапханашысы келді.
Семинар бағдарлама бойынша концерттік бағдарлама қойылып, оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, Республикалық, аймақтық жыр мүшәйраларының жүлдегері, ақын Бауыржан Ерман, Жұмагул Нәлібаева, Мұратова Раушан ақындардарымыз келіп, өздерінің өлеңдерін оқып, шығармашылыққа қалай келгендерімен бөлісті. Ақындардың өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқып, келген қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Қонақтар ақындардың шығармашылығымен танысып, ерекше әсер алғандарын айтты.
Жыр кешінен соң “20 минуттық кітап оқу” бағдарламасы бойынша Санжар Керімбайдың “Өзбекәлі және мәдени майдан” кітабына кітап оқу сағаты өткізілді. Қорытындысында барлық келген қонақтардың ойын, пікірін, бүгінгі өткен тәжірибелік семинарға берген бағасын тыңдап, жақсы көңіл-күймен тарқасты.