Кішкентай көмек – үлкен үміт. Балалар – біздің болашағымыз, олардың білім алуына жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Осыған орай, «Мектепке жол» акциясы аясында Отырар аудандық мәслихат төрағасы, «Аманат» партиясының төрағасы, ауданның құрметті азаматы Ұзақов Уәлихан Жамалханұлы өз отбасы атынан Отырар аудандық бідім бөліміне қарасты 40 білім беру ұйымынан 2023-2024 оқу жылында 50 оқушыға, 2024-2025 оқу жылында 60 оқушыға және биылғы оқу жылында ауданымыздың 90 жылдығына орай, 90 мектеп жасындағы балаларға демеушілік жасап келеді.
Осы ретте Отырар ауданының білім бөлімі тарапынан Ұзақов Уәлихан Жамалханұлының отбасына амандық, береке, бірлік және еңбегіңе табыс тілейміз.
Еліміздің дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы 2025 жылдың 01 тамызынан басталғандығын және 30 қыркүйекке дейін жалғасын табатындығын айта кеткенді жөн санап отырмыз. Акцияның негізгі мақсаты: "Жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағынан аз қамтылған; көп балалы; жетім; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету, олардың мектепке толық дайындықпен баруын қамтамасыз ету".