Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

«МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМ» АТТЫ VIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 9 -10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың “МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМ” атты VІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі бастау алды. Байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан 95 оқушы қатысып, білім сайысына түсті.

Конкурстың мақсаты — туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау.

Конкурстың негізгі міндеттері:

— өлкетануға қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау;

— туған өлке тарихын зерттеуде танымдық қызығушылығын ынталандыру;

— оқушылардың тарихи өлкетану саласындағы бастамалары мен ізденулерін қолдау;

— туған жеріне, өз қаласына, ауылына деген махаббатын зерделеу арқылы достарына түсіндіру.

Облыстық кезеңге жолдама алған шәкірттерге сәттілік болсын!!!