Түркістан облысының білім басқармасының "Білім беруді дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен а.ж. 28 ақпан күні "BIO LIFE" облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты; инновациялық идеялар мен жобаларды қолдау және алдыңғы қатарлы үздік педагогтердің тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады.
Байқаудың қорытындысы бойынша Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің биология пәнінің мұғалімі Пәзілбекова Раушан Серіқұлқызы "Алғыс хатпен" марапатталды.