Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

«ОҚИТЫН СЫНЫП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТУДЕ

13 қараша күні Отырар ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында жүзеге асыру және тәжірибеге енгізу мақсатында «Оқитын сынып» жобасымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Әлемдік ойдың алыбы» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді, семинарға Т.Ибрагимов мектебінің 7 сынып оқушылары мен білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілері, кітапхана мамандары қатысты.

- 5-7 сынып оқушылары, сынып жетекшілері және кітапхана мамандарына арналған «Оқитын сынып» жобасының мақсаты – оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын және оқу сауаттылығын арттыру.

- Жоспарға сәйкес, Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Әлемдік ойдың алыбы» кітап көрмесі ұйымдастырылып әдеби кеш ұйымдастырылды, іс-шараны сынып жетекшісі Искакова Гулназ бен кітапхана маманы Дәулетбекқызы Аягөз өз деңгейінде өткізіп, оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын терең таныстыруды, ақын өлеңдері арқылы адамгершілік пен ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуді мақсат етті. Шара барысында оқушылар Абайдың өлеңдерін жатқа айтып, нақыл сөздерін талдап, ұлы тұлғаның мәңгілік мұрасына деген құрметін білдірді.