Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс
«Отырар ауданының географиясы және өлкетану» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

«Отырар ауданының географиясы және өлкетану» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

✅️№1 жалпы білім беретін мектептің базасында «Отырар ауданының географиясы және өлкетану» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Педагогика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, географиядан республикалық "Атаулы мектеп" жетекшісі, Ресейдің жаратылыстану академиясының академигі, сондай-ақ "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері" Ұлжалғас Әмзеқызы Есназарова конференцияның басты қонағы болып, киелі өлкеміздің өркендеуіне бағытталған өзекті ойын ортаға салды.

✅️Отырар аудандық мәслихат хатшысы Уәлихан Жамалханұлы Ұзақ , аудан әкімі орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы, Қ.А.Йассауи атындағы ХҚТУ-дың проректоры ,PhD докторы, профессор Мустафа Гиритлиоглу, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-дың доценті Қайыркен Құнапина, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың аға оқытушысы Қызбибі Налмишова, Түркістан облысы «Ардақты әжелер» ұйымының төрайымы Серім Айғаным Ұлжалғас Әмзеқызы Есназарованың үлгілі еңбек жолы мен ұлттық рухты оятуға бағытталған зерттеулерін талдап, баяндама оқыды.

✅️Конференцияға Отырар ауданы білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев жетекшілік етті. Бұл конференцияның негізгі мақсаты – Отырар ауданының географиясы мен өлкетануын терең зерттеп, ғылыми тұрғыда талқылау, сондай-ақ ауданымыздың бай тарихы мен мәдени мұрасын қазіргі заман талабына сай таныту болды. Ауданның географиялық жағдайы, экологиясы және өлкетану саласындағы зерттеулерді дамыту мәселелері кеңінен сөз болды.

✅️Конференция барысында сөз алған ғылыми баяндама авторлары өзекті мәселелерді қозғап, тәжірибелерін ортаға салды. Ғылым майталмандарының тыңғылықты зерттеулері мен ойлы баяндамалары көптеген тыңдаушыларды терең ойға қалдырды. Олардың баяндамаларында тек қана теориялық зерттеулер емес, сонымен қатар ауданымыздың географиялық ерекшеліктерін әрі қарай дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар айтылды.

✅️Жас айтыскер ақын, 11-сынып оқушысы Жәутік Асылжан ғалым-ұстазға арнау орындады. Ақынның шеберлігі мен сөздің салмағы, әсемдігі конференцияға ерекше мән берді. Оның сөзі тек рухани байлықты ғана емес, сонымен қатар ғылым мен білімге деген құштарлықты, жастардың болашаққа деген үмітін көрсетті.

✅️Білім мен ғылымның мәні тереңде жатыр. Қазіргі ғылымның қарыштап дамып келе жатқан дәуірінде жастарымыздың білім алу жолында табандылық танытып, еліміздің болашағын жарық етуге ұмтылғаны өте маңызды. Ғалымдардың айтқанындай, «Ғылым – өркениет пен прогрестің кілті, ал білім – оның негізі». Сондықтан да біз бүгінгі конференцияға қатысқан әрбір зерттеуші мен тыңдаушының жан-жақты білім алу жолындағы істері аса маңызды екенін ұмытпауымыз қажет.

✅️Конференция нәтижесінде көтерілген мәселелер ауданымыздың ғылыми даму бағытына оң әсерін тигізіп, болашақта көптеген жаңа жобалар мен зерттеулердің жүзеге асуына ықпал ететіндігі сөзсіз. Білімнің әрбір жаңа қадамы – елдің жарқын болашағына жасалған бір қадам деп білеміз.

488499158 2749584208763825 3827910019846367426 n488253178 2749585508763695 1665730856616727217 n488369066 2749585748763671 3096267702803246150 n488379450 2749584568763789 5991782821333883161 n488480008 2749584265430486 2530064996071403483 n488655520 2749584712097108 8664541347143210973 n488660713 2749585592097020 2306990586663597271 n488660865 2749584835430429 1057261470961796099 n488828460 2749584642097115 8571556958985108989 n488887102 2749584442097135 1270754516088969076 n489527998 2749584772097102 8520289408889511622 n489534800 2749584948763751 8346052059385855468 n489044195 2749585382097041 4631805046840180225 n488718864 2749584888763757 6601675609896310817 n