Выберите язык

Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

1 жалпы білім беретін мектеп базасында 2026 жылғы 17,18 күндері аралығында жалпы білім беретін мектептердің 9–11 сынып оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық іріктеу кезеңі өткізілді.
Оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін арттыру, дарынды балаларды ерте анықтау мақсатындағы өткізілген олимпиадаға 700 аса оқушы қатысты. Аудандық кезең бекітілген ережелер мен талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, академиялық адалдық ережесін сақтай отырып өтті. Іріктеуден өткен оқушылар аудандық кезеңге жолдама алады.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!