Жамбыл атындағы мектеп-лицей базасында 20 қаңтар күні білім беру ұйымдарының басшыларына, қосымша білім беру мекеме директорларына «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» туралы ақпараттандыру жиыны өтті. Іс-шараны әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.Ембай мен әдіскер А.Арын жүргізді. Білім беру ұйымдарының, педагогтері, бірінші басшылары, басшы орынбасарлары біліктілік санатын беруге (растауға) аттестаттау кезінде өтініші негізінде біліктілік бағалауынан, ПББ-дан, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау туралы ақпарат кеңінен тарқатылып айтылды.





