Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ БАЛЖАН!

2026 жылғы 8-9 қаңтар күндері Қаскелең қаласында SDU University базасында «Педагогикалық идеялар фестивалі» атты республикалық конкурсында Ө.Жәнібеков атындағы 4 лицей-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кәдірбек Балжан Қайратқызы қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді.

Фестивальдің негізгі мақсаты — педагогтердің шығармашылық әлеуетін қолдау, кәсіби дамуына ықпал ету және Қазақстан мектептері басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін тарату болып табылады.

TEDx форматында өткізілген байқауда білім беру сапасын арттыруға, жаңа буынның білім беру ортасын қалыптастыруға және білім алушылардың әлеуетін дамытуға бағытталған педагогикалық идеясын авторлық тәсілдерін ұсынған Балжанды шын жүректен құттықтаймыз. Алар асуың көп болсын!!!