Бүгін Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңінде 9-11 сыныптар арасынан 26 мектептен 26 фракция қатысып, берілген қарарларға байланысты өз ойларын ортаға салды.
Жалпы ой-өрісін кеңейту, білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында академиялық білім деңгейін көтеру, шешендік сөйлеу әдістері дағдыларын қалыптастыруды мақсат еткен турнир нәтижесінде Өзбекәлі Жәнібеков атындағы
лицей- интернатының «Ұшқын 65» тобы 1орынды иеленіп, облыстық турнирге жолдама алды.