Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс
"ТӘУЕЛСІЗДІК ЕҢ ҚЫМБАТ" АТТЫ ОЛИМПИАДА ӨТТІ

"ТӘУЕЛСІЗДІК ЕҢ ҚЫМБАТ" АТТЫ ОЛИМПИАДА ӨТТІ

🔰 Отырар ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Тәуелсіздік құрдастары» осы мектептің 2008 жылғы түлектерінің қолдауымен 11-сынып оқушылары арасында аймақтық «Тәуелсіздік ең қымбат» атты олимпиадасы өтті.

🔰 Олимпиаданы аудандық білім бөлімінің әдіскері Кенебаев Әділ және мектеп директоры Айнұр Әбдіғапбарқызы ашып беріп, олимпиада ережесімен, өткізу тәртібімен таныстырды.

🔰 Бітіруші сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын және жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру. Бітіруші сынып оқушыларының есеп шығару дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушыларды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған олимпиада 2-кезеңнен тұрды.

🔰 Бірінші кезең математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан тұрады, үш тапсырма.

🔰 Екінші кезең 45 тапсырмадан құралған тест.

🔰 Олимпиаданың қорытындысын шығару үшін арнайы құрылған сараптау комиссиясы, қатысушылардың жұмыстарын сараптап олимпиада қорытындысын шығарды.

🔰 Олимпиадада анықталған жеңімпаздар Отырар ауданының білімі бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

🔰 Барлық қатысушыларға олимпиадаға қатысуы туралы сертификаттар және ақшалай сыйлықтар берілді.

Осындай математикалық олимпиадалар оқушылардың білім деңгейін көтеруге және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

480911012 2708272139561699 3485432124384035094 n 1