Түркістан облысы, Отырар ауданы, "М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Шежіре" бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес "Дебат қозғалыстары" үйірмесінің жетекшісі Амантай Бақдәулеттің ұйымдастыруымен 19 желтоқсан күні "Тәуелсіздік мәңгі болсын-тұғырың" атты мектепішілік пікірсайыс турнирі өтті.
Пікірсайыс турнирі "Дүниежүзілік мектеп форматында" ұйымдастырылып, оған 9-10-11 сынып оқушыларынан құрылған 4 фракция қатысты. Турнирдің әділдігіне төрелік етуге мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғаппарқызы төрешілер алқасының төрайымы ретінде шақырылды.
Қарар тақырыптары Түркістан облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының хатына сәйкес таңдалып, талқылауға келесі үш өзекті тақырып ұсынылды:
1. БП ата-аналары балаларына 18 жастан кейін қаржылай және материалдық көмек көрсетпеуі керек деп есептейді.
2. БП теледидардың пайдасынан гөрі зияны көп деп санайды.
3. БП Жаңа Қазақстанды құрудағы негізгі жобаны көрсетеді.
Пікірсайыс барысы:
Алғашқы жартылай сында "Ақиқат" және "Аргументтер Арсеналы" фракциялары сынға түсті. Төрешілердің шешімімен "Аргументтер Арсеналы" ақтық сынға жолдама алды.
Екінші жартылай сын 10-сынып оқушыларының арасында өтті. Бұл кезеңде "Шешендік шеберлері" фракциясы қарсыластарынан озып шығып, ақтық сында "Аргументтер Арсеналы" фракциясымен кездесуге мүмкіндік алды.
Ақтық сында "БП Жаңа Қазақстанды құрудағы негізгі жобаны көрсетеді" деген тақырыпта пікірсайыс өтті. Оқушылар АЭС салу жобасы мен өзге де өзекті мәселелерді талқылап, төрешілерді тың аргументтерімен тәнті етті.
Турнир нәтижесі:
I орын: "Шешендік шеберлері" фракциясы;
II орын: "Аргументтер Арсеналы" фракциясы;
III орын: "Ақиқат" және "Болашақ" фракциялары.
Сонымен қатар, қатысушылар келесі номинациялармен марапатталды:
"Үздік Лидер",
"Үздік Спикер",
"Үздік Оратор",
"Дебаттық Креатив".
Марапаттау сәті:
Жүлдегерлерге мектеп директорының атынан мадақтамалар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Бас жүлде иеленген фракцияға үйірме жетекшісінің атынан ақшалай сыйлық ұсынылды. Турнир соңында мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғаппарқызы жеңімпаздарды құттықтап, оларға биік белестерді бағындыру жолында сәттілік тіледі.
Бұл турнир оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шешендік өнер мен сыни ойлау қабілеттерін дамытуға үлес қосты. "Тәуелсіздік мәңгі болсын-тұғырың" тақырыбындағы пікірсайыс оқушылардың патриоттық рухын оятып, ел болашағына бей-жай қарамайтын азаматтарды тәрбиелеудің жарқын көрінісі болды.