Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN СТУДЕНТТЕРІ ПРЕЗИДЕНТКЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Woosong University Kazakhstan университетінің 12 студенті Dostyq Fellowship бағдарламасы аясында Корея Республикасы өткен Capstone Project жобасына қатысып, елге оралды.

Бағдарлама қорытындысы бойынша студенттер Қасым-Жомарт Тоқаев атына алғыс хат жолдап, мемлекет тарапынан білім беру саласына көрсетіліп отырған жүйелі қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.

Аталған жоба үш аптаға созылып, қатысушылар жасанды интеллект, IT және бағдарламалау бағыттары бойынша нақты жобалармен жұмыс істеді. Халықаралық профессорлармен және шетелдік студенттермен бірлескен тәжірибе олардың кәсіби білімін тереңдетіп қана қоймай, командалық жұмыс, жобалық басқару, сыни ойлау және уақытты тиімді пайдалану дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Студенттер алған білімдері мен тәжірибелерін ел игілігіне бағыттауды басты мақсат санайтынын атап өтті. Атап айтқанда, өз өңірлерінде, соның ішінде Түркістан қаласында IT және цифрлық технологиялар саласын дамытуға, жастардың инновациялық бастамаларын қолдауға үлес қосуды жоспарлап отыр.

Басқарма халықаралық білім беру жобаларына қатысатын жастардың бастамаларын әрдайым қолдайды және олардың кәсіби дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.