Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

“ҮЗДІК МҰҒАЛІМ - 2026” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Отырар аудандық білім бөлімінің іс-жоспарына сәйкес аудан мектептеріндегі шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтердің біліктілігін айқындау,олардың ғылыми-әдістемелік қызметін ынталандыру, білікті және белсенді ұстаздарға қолдау көрсету, озат тәжірибелерді насихаттау мақсатында №1 Жалпы білім беретін мектеп базасында «Үздік мұғалім - 2026» байқауы өтті. Байқауға жалпы білім беретін және негізгі орта мектептерден 29 мұғалім қатысты.

Байқауды аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Д.Ембай ашып,қатысушыларға сәттілік тіледі.

​Үміткерлер байқау ережесіне сәйкес 4 кезең бойынша бақ сынады.

  • 1 кезең. Өзін-өзі таныстыру. Қатысушылар «Менің мектебім,менің кәсіби жетістіктерім» тақырыбында электрондық видеоролик арқылы өз мектебі мен жетістіктерін таныстырды.
  • 2 кезең - «Менің білім берудегі бастамам.Менің идеям.Менің шығармашылық инновациям» кезеңі бойынша мұғалімдер өз пәні бойынша әдістемелік жұмыс жүйесін,жасанды интеллектіні оқу үдерісінде тиімді қолдану тәжірбиелерін көрсетті.
  • 3 кезең - Педагогикалық сұрақтар. Қатысушылар бұл кезеңде педагогика саласына байланысты сұрақтарға жауап беріп,кәсіби құзіреттілігін көрсетті.
  • 4 кезең - «Эссе жазу» кезеңі. Бұл кезеңде үміткерлер «Педагог мәртебесі - ел мәртебесі» тақырыбында эссе жазып,шығармашылық құзіреттілігі анықталды.

Қазылар алқасы байқауға қатысқан педагогтердің жұмысын сараптап,байқау жеңімпаздарын марапаттады.

​«Үздік мұғалім - 2026» байқауының Бас жүлдесін Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Тулебаева Назерке Бактиярқызы иеленді. Н.Тулебаеваға аудандық білім бөлімінің кәсіподақ кеңесінің заттай сыйлығы табысталды.