Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚҚАН ҰСТАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАУ

Ұстаз барша адамзаттың тәрбиешісі, ілім үйретуші болса, оны ұлықтау, құрметтеу әрбір азаматтың парызы. Бүгін "1" жалпы білім беретін мектеп базасында "Ұстаз - ұлы есім!" атты педагогика саласындағы зейнеткер ұстаздарға құрмет көрсету іс-шарасы болып өтті. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Егемберді Қасым және аудандық білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев қатысып, ізгі лебіздерін білдірді.Бұл іс-шараның ерекшелігі ауданымызда алғаш рет ұрпақ тәрбиесіне еңбек сіңірген зейнеткер ұстаздарды ұлықтау. 100 -ге жуық зейнеткер ұстаздарға ақшалай марапат табысталды. Иә, бұл марапат іргелі істерді айшықтау, білім саласында жеткен жетістіктерді дәріптеу,насихаттау. Бұл игі дәстүр -өткенге тағзым етіп, білім жолында еңбек сіңірген ұстаздарға құрмет көрсетудің жарқын үлгісі. Ардагер ұстаздар өздеріне көрсетілген ықылас пен құрметке риза болып, шексіз алғыс тарын білдірді!