Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

1 МАУСЫМ - БАЛАЛАР КҮНГІ ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫС ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қай халықтың болмасын елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де кемел болуы рухы асқақ, өресі биік білімді де талантты ұрпақ қолында. Осы орайда 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Қажымұхан Мұңайтпасұлы» атындағы спорт алаңында «Әкем,анам және мен» тақырыбында отбасылық эстафеталық сайыс өткізілді. Иә, отбасы – тұлғаны қалыптастырудың ең маңызды ортасы және тәрбие институты болып табылады. Отбасы балаларды қоғаммен, өмірлік құндылықтармен таныстырады. Сондай-ақ жеке тұлғаны еңбекке баулиды, сол арқылы болашақ қоғамдық іс-әрекетке баулиды.

Аталған іс-шараға аудандағы барлық білім беру мекемелерінен оқушылар және балабақша бүлдіршіндері ата-аналарымен қатысты.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында Үштік одақ –Мектеп, Отбасы және Бала ынтымақтастығын насихаттау жұмыстарын жандандыру мақсатында өткізілген іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы өз тілегін білдірді. Балаларды қорғау күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мереке екені айтылды. Мерекелік іс-шараға білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев мырза сөз сөйлеп бар жақсылықты балаларға тілеген халқымыз болашағын ешқашан ұмыт қалдырған емес. Бұл күн - болашаққа бағдар жасауға бағытталған маңызды шараның бірі екенін, келер ұрпақтың бақытты өмір сүруіне мүмкіндік жасауға арналған күн. Ендеше, бейбіт құсы көкте қалықтап, әрдайым балдырғандарымыздың риясыз күлкісіне бөлене берейік!- деп құттықтау тілегін арнады.

Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі-салауаттылық десек, бүгінгі мерекелік отбасылық сайыс 5 турдан өткізілді. Атап айтсақ:

1. Таныстыру

2. Кім жылдам

3. Допты алып өт

4. Ептілік

5. Жеңіс туы

Бұл отбасылық сайыс-жақсы қарым-қатынас ұрпақты жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге жетелейтінін, өмірдің қыр-сырын таныту және жауапкершілікке, адалдыққа, ойшылдыққа әдептілікке баулитын өзекті іс-шара екені көрініп-ақ тұр. Мерекелік іс-шараның соңында белсенділік танытып, үздік өнер көрсеткен бүлдіршіндерді аудан әкімі арнайы марапаттады. Бала мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыу іс-шарасы өз дәрежесінде өткізілді.