Бүгін Отырар аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Дархан Ембайдың жетекшілігімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауын қолдау мақсатында әдістемелік кабинет әдіскерлеріне ақпараттық түсіндірме жүргізіліп, баяндама оқылып, талқыланды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның болашағын айқындайтын стратегиялық бағыттарға тоқталды. Негізгі назар жасанды интеллектіні дамытуға аударылды. Президент атап өткендей, білім саласына қойылған негізгі міндеттер:
Оқушыларға арналған жасанды интеллект негіздері бойынша бағдарламалар әзірлеу.
Мұғалімдердің цифрлық құзыретін арттыру, жаңа технологияларды меңгеру дағдыларын қалыптастыру.
Қашықтан оқыту тәсілдері мен Qazaq Digital Mektebi үлгісін дамыту арқылы ауыл мектептерін сапалы біліммен қамту.
Оқушыларды технологиялық жобаларға кеңінен тарту, олардың шығармашылық әлеуетін ашу.
Қазіргі заманда ұстаз – тек білім беруші ғана емес, сонымен бірге жаңа технологияларды меңгерген, оқушыны шығармашылыққа жетелейтін, болашаққа бағыт-бағдар беретін рухани да, интеллектуалдық та жетекші болуы тиіс.
Жиын соңында ұжымдағы әріптестер де жолдаудағы бағыттарға тоқталып, өз көзқарастарын білдірді.