Байқаудың негізгі мақсаты: Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының мол мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және Абай шығармалары арқылы білім алушыларды адамгершілікке, білімге, еңбекқорлыққа, талаптылыққа тәрбиелеу.
Байқауға Түркістан облысындағы мектепке дейінгі, орта білім, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатыса алады.
- Қатысушы Ұлы Абайдың кез келген өлеңін немесе шығармасынан үзіндіні мәнерлеп оқып, бейнеролик түсіріп әлеуметтік желі парақшасына жариялау керек;
- Байқауға ұсынылатын бейнероликте Абай шығармасының мазмұнын жеткізу, көркемсөз оқу шеберлігі, шығармашылық көзқарас пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу басымдыққа ие болуы тиіс.
- Видеода қатысушы өзін таныстырып, қай аудан, қай білім беру ұйымында білім алатынын хабарлау керек;
- Жазбада Түркістан облысының білім басқармасының ресми Facebook парақшасын белгілеңіз: «Түркістан Облысының Білім Басқармасы»
- Жазбасына байқауға қатысып жатқаныңызды көрсету қажет;
- Парақшаңыз барлық оқырманға ашық тұруы керек;
8 тамыздан 10 тамызға дейін
10 тамыз күні сағат 13:00-де байқауға өтінім қабылдау тоқтатылады.
Байқау қорытындысы 10 тамыз күні шығарылып, жеңімпаздар Түркістан облысының білім басқармасының ресми парақшасында жарияланады.
Байқау қорытындысы бойынша үздік 10 қатысушы арнайы шығармашылық топтың шешімімен анықталып, Түркістан облысының білім басқармасы тарапынан марапатталады.
Қатысушыларды бағалау кезінде:
Байқау Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтау жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар аясында және білім беру саласында Абай күнін атап өтуге бағытталған тиісті әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ұйымдастырылды.
Абайды оқу – өзіңді тану.
Абайды дәріптеу – ұлт рухын дәріптеу!
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!





