Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ

П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебі базасында 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық IIІV «Абайтану» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

🎯 Мақсаты:

Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлы шығармаларын кеңінен насихаттау, оқушылардың Абай мұрасына деген қызығушылығын арттыру, білімін тереңдету және дарынды оқушыларды анықтау.

📚 Олимпиада барысында қатысушылар эссе жазып, ақынның шығармалары бойынша білімдерін сарапқа салып, өзара бақ сынасты.

✅Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың ұлттық рухани құндылықтарды құрметтеуіне және ұлы тұлғалардың мұрасын тануына жол ашады.