Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА Отырар аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында 8 сәуір күні 11-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРМЕН

«БІЛІМ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ: ЖАҢА

КОНСТИТУЦИЯДА АЙҚЫНДАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР» ТАҚЫРЫБЫНДА

БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЫНЫП САҒАТЫН ҰСЫНЫМДАР негізінде сынып сағаттары жүргізілді.

Қазақстан Республикасында қабылданған жаңа Конституцияның

нормаларын білім саласында жүзеге асыру өзекті. Жаңа Конституция

мемлекеттің негізгі заңы ретінде әрбір азаматтың өмірінде ерекше маңызға

ие.

Жаңа Конституциядағы өзгерістердің мәнін түсіндіру, құқықтық

мәдениетті қалыптастыру және оқушылардың азаматтық жауапкершілігін

арттыру – білім жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024

жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығымен бекітілген «Адал азамат» біртұтас

тәрбие бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылған

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының

мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және

азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

Сынып сағатының міндеттері:

– жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарымен таныстыру;

– оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін кеңейту;

– Заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру;

– «Адал азамат» құндылықтарын дамыту.

Сынып сағаты барысында:

– жаңа Конституцияның негізгі баптары түсіндірілді;

– адам капиталы білім, ғылым, инновацияны дамыту аясында

тапсырмалар арқылы талқыланды;

– жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында оқушылармен

пікір алмасу жүргізілді;