Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ - ӘН МЕН ШАТТЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ!

Көктемнің шуақты шуағымен бірге келген Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі барша жұртқа құт-береке, шаттық пен жаңару сыйлайды. Ал Ән-Наурыз – осы ұлық мерекенің ерекше бір көрінісі, жүректерді әнмен тербетіп, көңілге қуаныш ұялататын тамаша дәстүр.

Бұл күні әуелеген әсем әндер мен күмбірлеген күйлер халқымыздың бай рухани мұрасын дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан өнердің өміршеңдігін айшықтайды. Ән – халықтың жаны, ал Наурыз – сол жанның жаңғыруы. Екеуі тоғысқанда, мерекенің мәні тіпті тереңдей түседі.

Ән шырқалып, күй төгілген сайын береке артып, бірлік нығая түссін! Әр шаңыраққа шаттық, әр жүрекке қуаныш ұяласын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ән-Наурыз мерекесі құтты болсын!