Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс
АРУЛАРДЫ ҚҰРМЕТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ҰЖЫМДЫҚ ШАРА ӨТТІ

АРУЛАРДЫ ҚҰРМЕТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ҰЖЫМДЫҚ ШАРА ӨТТІ

🎉 Бөлім басшысы және бөлімнің ер-азаматтары апайларды 8-наурыз "Халықаралық әйелдер" мерекесімен құттықтады.

🌷 Дана халқымыз : «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Әйелдер қауымы - табиғатынан кішіпейілділіктің, адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.

🪷 Көктемнің жұпарын жү­рекке жұқтырған бұл мерекеде ұжымдағы нәзік жандыларға сый-сияпат көрсетілді. Осы дәстүрмен салтанатты іс-шара ханымдардың бәріне гүл сыйлаудан бастау алды.

🌹 Бөлім басшысы К.Шербаев өз құттықтауында бұл мереке ерекше бір шаттықпен тойланатынын, әйел адамзатының мерейлі мерекесі екенін жеткізді. Сонымен қатар, бөлімнің қызметкерлеріне білім басқармасының марапаттауын табыс етті.

🌼 Өз кезектерінде ұжымдағы ер азаматтар мерекеге байланысты өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, аналарға арналған әнменен аяқтады.

481186129 2720718398317073 6673408545968968234 n481265184 2720718498317063 4944564180236172952 n481247210 2720718464983733 2057015966679647078 n482026789 2720718604983719 6171087445618424994 n482209690 2720718554983724 6079829372889291259 n