Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі басталды.
Олимпиадаға білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептерден 903 оқушы қатысады деп күтілуде.
2025 жылдың 8-10 қазан аралығында өтетін олимпиаданың пәндер кестесі:
8-қазан: физика, химия, география, информатика, математика
9-қазан: ағылшын тілі, орыс мектептеріне арналған қазақ тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ мектептеріне арналған орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті
10-қазан: құқық негіздері, биология, Қазақстан тарихы.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз