Бүгін Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде аудан мектептерінің 7–11 сынып оқушылары арасында «Бала шешеннен – дана шешенге» атты өнер байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру, қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды данагөй бабаларымыздың шешендік мұрасын ұлықтау, оқушылардың сөз мәдениетін, шығармашылық қабілетін, сахналық шеберлігін дамыту. Сонымен қатар жас буынды әділдікке, шынайылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүр мен рухани мұраны насихаттау – байқаудың басты міндеттерінің бірі болды.
Байқау төрт бағыт бойынша ұйымдастырылды.
Таныстыру
Театрландырылған қойылым
Айтыс өнері
Эссе жазу
Байқау барысында оқушылар шешендік өнердің биік үлгісін көрсетіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарихи тұлғалардың тағылымды сөздерін жаңғыртты. Әр кезеңде қатысушылардың шығармашылық ізденісі, сахнадағы шеберлігі, ой ұшқырлығы мен сөз мәдениеті көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік!!!





