Тіліңізді таңдаңыз

Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ – БОЛАШАҚТЫ ҚОЛДАУ

Баланың жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алып, мектепке алаңсыз баруы – әрбір ата-ана үшін маңызды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Отырар ауданындағы оқушыларға қолдау көрсету мақсатында аудандық мәслихат төрағасы Ұзақов Уалихан Жамалханұлы
аудан көлемінде орналасқан мектептердің 110 оқушысына жаңа оқу жылына қажетті оқу құрал-жабдықтарын алып беріп, балаларға табыстады.
Сонымен қатар, аталған жиынға «Әділет» партиясы Отырар аудандық филиалының төрағасы Ұ.Абдрахимов қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды алда келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.
Осындай игі істер арқылы ата-аналардың әлеуметтік жүгін жеңілдетіп, балаларға аз да болса қуаныш сыйлау – үлкен азаматтық борыш.
Қайырымдылық пен ізгілік – қоғамды біріктіретін үлкен күш. Осындай игі бастамаларымыз жалғасын тауып, балаларымыздың болашағы жарқын болсын!