Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицей базасында білім бөлімінің кеңесі өткізілді. Кеңеске білім беру ұйымдарының басшылары, бастауыш мектеп меңгерушілері және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру басшылары қатысты. Кеңестегі қаралған мәселелер:
1. Отырар ауданы білім бөлімінің 2025-2026 оқу жылына арналған жоспары.
2. Отырар ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинеттің 2025-2026 оқу жылына арналған жоспары, білім беру ұйымдары арасындағы білім бәсекелестігі және 2025-2026 оқу жылында жұмыс жасайтын «Жобалар» жайлы.
3. Отырар ауданы білім бөлімінің 2025-2026 оқу жылында атқарылатын өзекті жұмыстары жайлы.
4. Әртүрлі мәселелер қаралды.