2025 жылдың 29 тамызында №1 жалпы білім беретін мектебінде аудандық тамыз кеңесі аясында секциялық отырыстар өтті.
- Адалдық – адам болмысының негізі, кәсібилік – оның қоғамдағы орнын айқындайтын өлшем. Осы екі құндылық тоғысқанда ғана шынайы азамат тәрбиеленіп, елдің болашағына қызмет етеді,-деді әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.Ембай.
1000 аса педагог қатысқан жиында жаңа оқу жылының ерекшеліктері таныстырылып, білім саласының өзекті мәселелері талқыланды.
Онда білім беру саласының барлық бағыттарын қамтыған секциялар жұмыс жасады:
- бастауыш сынып, мектепалды даярлық педагогтері;
- қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, география, математика, жаратылыстану пәндері мұғалімдері;
- информатика, эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, қосымша білім беру педагогтері;
- сынып жетекшілер, тәлімгерлер, әлеуметтік педагогтар;
- мектеп директорлары және олардың орынбасарлары;
- мектепке дейінгі ұйымдар педагогтері мен педагог-психологтар.
Әрбір секцияда жаңа оқу жылындағы білім берудің негізгі бағыттары талқыланып, озық тәжірибелер ұсынылды. Педагогтер кәсіби дамуға арналған әдістемелік қолдаулармен бөлісіп, білім сапасын арттыру жолдарын қарастырды.
Барлық секцияда ұсыныстар қабылданып, 2025–2026 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары айқындалды.