8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы тарапынан ұстаздарға құрмет көрсетіліп, салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Мерекеге орай білім беру саласында табысты еңбек етіп жүрген бірқатар педагогтер мен кәсіподақ белсенділері арнайы марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасы, Алғыс хаттары, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы, сондай-ақ «Аманат» партиясының Құрмет грамотасы табысталды. Сонымен қатар «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталған ұстаздар да бар.
Аталған игі шара аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Б.Пәзілбек пен кеңесші Е. Қасым қолдауымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Бұл – ұстаздардың қажырлы еңбегіне, білім мен тәрбие жолындағы адал қызметіне берілген лайықты баға.
Құрметті ұстаздар! Сіздерді көктемнің қос мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз жемісті, абыройларыңыз асқақ, шәкірттеріңіз білімді де білікті болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілейміз!





