Отырар ауданы «Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы» және «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 2 желтоқсанда «ROOMBOOKS» оқу орталығы ашылған болса, бүгін «COWORKING» білім алаңы ашылды. 2024 жылдың 20 желтоқсанында аудандық «Таңдаулы мектеп кітапханашысы» байқауы ұйымдастырылды. Байқау аясында «COWORKING» оқу орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Отырар ауданының білім бөлімінің басшысы Шербаев Құдайберген Қайыпбекұлы орталықтың лентасын қиып, оның жас ұрпақтың болашағы үшін маңыздылығын атап өтті. Бұл орталықтар оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, рухани және шығармашылық дамуына ықпал етеді. Іс-шара барысында облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары шығармашыл оқушылар мен жетекшілері марапаттарға және қаржылай сыйлықтарға ие болды. «ROOMBOOKS» және «COWORKING» заманауи оқу-білім алаңы ретінде жастардың рухани байытуға және білімге құштарлығын арттыруға бағытталған.