"Отырар" жазғы сауықтыру лагерінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында нашақорлық пен есірткіге қарсы күрес бағытында «Есірткісіз болашақ» ұранымен жасөспірімдер арасында жаңа форматтағы танымдық семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар есірткінің адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамға тигізетін зияны туралы маңызды мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, түрлі тренингтер, пікірталастар мен топтық жұмыстар өткізіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салып, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығын талқылады.
Семинардың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және болашаққа деген жауапкершілігін күшейту.
Біз салауатты өмірді таңдаймыз! Біз – есірткісіз болашақ үшін!





